Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді

  • Дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді

    Дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы бірлесіп «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, педогика ғылымының докторы Раиса Аждарқызы Садуақасова қайырымдылық іс-шарасына қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Елімізде жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті. –Сіздер – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар, сондықтан да сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол міндетті абыроймен орындап, Қазақстанның айбынын асқақтататын азаматы болу үшін бірінші кезекте жақсы оқыңыздар, – деді Р. Садуақасова. Сөз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наиля Ордабаева жиынға қатысушыларды басталуына бірнеше күн қалған жаңа оқу жылымен құттықтап, Әуезов ауданы мектептерінен келген 12 оқушыға рюкзак мен мектепке қажетті керек-жарақтарын табыстады. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты көмек көрсету және қолдау – «Нұр Отан» партиясының ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы бірлесіп өткізген қайрымдылық іс-шарасы тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағына патриоттық тәрбие беруге бағытталған. 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30