Дүниежүзінде мемлекет келбетіне айналған 600 қала бар, Алматы осы тізімге енген
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұстаздардың Тамыз кеңесін қатысты. Жиында сөз алған әкім болашақта қаланы әлемдік деңгейге көтеру үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
«Қаламыздың көркін ажарландыра түскен сайын мәдени интервенцияға жақындаймыз. Алматының әр түкпірінде байқау түрінде 16 артобьект қойылды. Қала болашағын әлемдік деңгейге көтеруде америкалық компаниямен жұмыс істеп жатырмыз. Бизнестің ең дамыған түрі – туризм. Дәлірек айтсақ, мәдени, event-туризм. Бұл елімізге мол табыс әкеледі. Қала туралы айту керек, оны әлемге таныту керек. Дүниежүзінде мемлекет келбетіне айналған 600 қала бар. Қазақстаннан жалғыз Алматы осы тізімге енген», – деді Бауыржан Байбек сөз кезегінде.