Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Қарияларға құрмет көрсету – парыз

  • Қарияларға құрмет көрсету – парыз

    Қарияларға құрмет көрсету – парыз

Қоғамның дамуы адам еңбегінің жемісі. Сондықтан еңбек адамы әрқашан да қадірлі. Елбасымыз Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екенін әрдайым айтып келеді. Елімізді мекендеген көптеген ұлттардың еңбек етіп, тату-тәтті тіршілік кешуі Мемлекет басшысының парасатты саясатының арқасында іске асып жатқан жұмыстардың жемісі деуге болады. Сондықтан, өмір бойы осы елде еңбек етіп, мемлекеттің дамуына үлес қосқан әрбір жан, әрбір ұлттың өкілі қоғам назарынан тыс қалмауы керек. Осы бағытта Алматы қаласында атқарылып жатқан игі істер баршылық. Оның айқын дәлелінің бірі ретінде өткен айда өткен «Қарттар айлығы» іс-шарасын айтуға болады. Ізгі ниетпен жүргізілген шараның арқасында қаладағы қариялар бір серпіліп қалғандай болды. Бұдан бөлек жыл бойы қарияларға қамқорлық жасап, көмек көрсету тоқтаған емес. Әр түрлі мерекелерде қалалық әкімдік тарапынан дастархан жайылып, байқаулар, салауатты өмір салтын насихаттаған шеберлік сағаттары, тіл үйрету курстары ұйымдастырылып келеді. Осының бәрі зейнеткер-ардагерлерді қадірлеп-құрметтеуге бағытталған істер.

Қазыналы қарияларымызды аялау, ардақтау, құрметтеу әрбір азаматтың парызы. Осындай игі шаралар қаланың барлық ауданында қолға алынып, ардагерлерге қамқорлық көрсету жалғасын тауып жатыр. Жақында ғана Алматы қаласындағы Бостандық ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлері аудан тұрғыны 90 жасқа толып отырған Лебедева Анастасия Александровнаны үйіне барып, қалалық Мәслихат депутаты Шыныбеков Дамирдің атынан құттықтап қайтты. Қария 1928 жылы 7 қараша күні дүниеге келген. Анастасия Александровна жалындаған жастық шағында тылда еңбек еткен.

Қарт әжеге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеген аудандық әлеуметтік қызметкерлер сыйлық пен азық түлік дорбасын тарту етті. Қария да құттықтаушыларға өз разылығын білдіріп ақ тілегін ақтарды.

Қариялардың батасы мен алғысын алу жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Сондықтан қазыналы қариялармыздың ұлтына, ұлысына қарамай құрмет көрсету жалғасын тауып, толастамауы керек.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31