Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Компьютер курсын тәмамдаған зейнеткерлерге сертификаттар берілді

  • Компьютер курсын тәмамдаған зейнеткерлерге сертификаттар берілді

    Компьютер курсын тәмамдаған зейнеткерлерге сертификаттар берілді

Алматы қаласында зейнеткерлердің салауатты өмір сүріп, тіл үйреніп, заманауи технологияларды меңгеруіне мол мүмкіндіктер жасалып жатыр. Өйткені қарияларымыздың заман ағымынан қалмай сапалы өмір сүруі үшін қазіргі таңда бұнын бәрі манызды. Елімізде цифрландыру бағдарламасы іске асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай зейнеткерлерде қатардан қалмай техника тілін меңгеріп өз өмірін жеңілдетіп, мүмкіндіктерді пайдалана алуы керек. Егде жастағы адамдардың өздігінен компьютерді үйренуі қиынға соғатыны анық. Сондықтан Алматы қаласына қарасты барлық аудандарда компьютерді тегін үйрететін курстар ашылып жұмыс істеп жатыр. Оған зейнеткерлер үлкен қызығушылықпен қатысуда. Олардың арасында әртүрлі ұлттың өкілдері бар. 


Жақында, 9 қараша күні Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясында компьютерлік сауаттылық курстарынан өткен бір топ Бостандық ауданының зейнеткерлеріне сертификаттар тапсырылды.

Сертификатты тапсырған ИҚБИ директоры З.Т. Аймағамбетова тыңдаушыларды жетістіктерімен құттықтап сөз сөйледі. Оның айтуына қарағанда қариялардың енді үйде отырып-ақ әртүрлі мемлекеттік қызметтерді алуға, әлеуметтік желілерде достарымен және туыстарымен байланысуға, қаржы-несие мекемелерінің қызметтерін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Курста алған білімдерін күнделікті өмірде пайдаланып онлайн мұражайлар, көрмелер көріп, электрондық пошта арқылы фото және бейне материалдарды жіберіп, өңдей алады. Компьютерлік курстарда осы ЖОО-ның ерікті студенттері сабақ берді.

Бостандық ауданында осындай курстардың жұмыс істеп жатқанына біраз болды. Айта кету керек, бұндай игі істер «Активное долголетие», «Белсенді ұзақ өмір» жобасы аясында Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен іске асуда.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.11.2018, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31