Мүмкіндігі шектеулі балаларға сый жасалды
Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Мектепке жол» атты шара жүзеге асырылды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім күніне сыйлықтар табыс етілді. Алматы қаласының Маслихат депутаты және өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Олар оқу-құралдары толтырылған рюкзактармен қамтамасыз етті. Балалармен және олардың ата-аналарымен кездесу көңілді өтті. Балалар шараға белсенді қатысты.
Шараның демеушілері: Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің төрағасы – Ниязова Нурия Исмаиловна, Алматы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы – Исматуллаев Абдулла Жапарұлы.
Іс-шара соңы балаларға жаңа оқу жылы алдында мерекелік көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарламаға ұласты. Жалпы республика бойынша ұйымдастырылған іс-шара барлық жерде жоғары деңгейде өткізілді.
Еркенұр Ерзия