Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Шетелдік сарапшылар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жоғары баға беруде

  • Шетелдік сарапшылар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жоғары баға беруде

    Шетелдік сарапшылар «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына жоғары баға беруде

«Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы-әлемдік деңгейде қолға алатын құнды бастама». Бұл Еуропаның адуынды сарапшыларының, халқының ортақ пікірі. Алматыда Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен Рухани жаңғыруға қатысты өткен іс-шараға шетелдік сарапшылар осындай баға беріп отыр.


Сырттағы сыншылар әсіресе, осы бағдарлама аясында жүзеге асырылып отырған «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»жобасына жоғары баға беруде. «Қазақстандық әртістер өнер көрсетеді» десе бүгінде жаһан жұрты елең ететін болған. Саяси тартыстан шаршаған халыққа қазақтың айтысы ерекше көңіл-күй сыйлайтынын біледі. Онан бөлек, қазақтың музыкасы, фольклоры, әні, биі бәрінен ерек. «Ешкімге ұқсамайтын мәдени мұраны көпшілікке паш етіп, ұлттық құндылықты дәріптеу-ұтымды шешім»,-дейді француз ғалымы Альбер Фишлер.


Альбер Фишлер, Францияның қоғам қайраткері, профессор:


- Қазақстанның мәдени бағдарламасы ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттық бірігейлікті сақтауға бағытталғанын жақсы білемін. Түсіне білгенге, бұл керемет бағдарлама. Жаһандану заманында ұлттық мұраны сақтау-тек қазақ елінің ғана емес, барша әлем елдерінің алдында тұрған міндет. Өркениеттен қалмау, бәсекеге қабілетті болу «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі. Сол үдеден шығу үшін қазақстандық әртістер үнемі ізденіс үстінде. Қазақ музыканттарының әлемдік деңгейдегі классикалық жауһарларды ұлттық аспаптармен шебер орындауы-шетелдік көрерменнің таңдайын қақтырмай қоймайды.


Норбер Жустен, 2008-2011 жж Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі, саясаткер:


- Қазақстанның көне мәдениеті еуропалықтарға таңсық. Соны бізге ауқымды шаралар арқылы таныстырып жатқандарыңызды қатты бағалаймын. Бұл-Қазақстанның шетелдегі имиджі үшін мықты инвестиция.  


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

жұма, 21.09.2018, 22:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша 2018
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек 2018
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек 2018
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31