Бокс

27 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін көз жұмды

  • 27 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін көз жұмды

    27 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін көз жұмды

Америкалық боксшы Патрик Дэй ауыр нокаутқа түскеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


27 жастағы Дэй 12 қазанда Чикагода америкалық Чазз Уизерспун мен украиналық Александр Усиктің кешінің андеркартында өткен ұрыста отандасы Чарльз Конвеллмен кездесуге шығып, нокаутқа түскен. Жеңілген боксшы ессіз күйде болды және оны зембілмен рингтен шығарған.


Жекпе-жектен кейін Дэйдің жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқызылған еді. Операциядан кейін боксшы комада болды, бірақ өз-өзіне келе алмады.


"WBC және оның президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Ол бүгін 12 қазанда бассүйек-ми жарақатының салдарынан қайтыс болды. Бұл қиын уақытта Патрик отбасымен біргеміз", - делінген WBC сайтындағы хабарламада.


Кейін Геннадий Головкин америкалық боксшының отбасына көңіл айтты. "Біздің отбасымыз, достарымыз және Патрик Дэйдің командасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаның тыныштық тапсын, Пэт", - деп жазды Головкин Twitter-де.


Дэй 2013 жылы кәсіпқойларда дебют жасаған, содан бері 22 айқас өткізді, олардың 17-сінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліс тапты және бір жекпе-жекте тең түскен. 2018 жылдың ақпан айында америкалық ресейлік Исмаил Әлиевті жеңіп, бірінші орта салмақта IBF Inter-Continental және WBC Continental Americas титулдарын иеленген.




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 13:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30