Бокс

IBF рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

  • Сурет: MTK GLOBAL KAZAKHSTAN

    Сурет: MTK GLOBAL KAZAKHSTAN

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ бойынша боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

 

Назарларыңызға рейтингте қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындарын ұсынамыз.

 

Жаңартылған рейтингте екінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Айдос Ербосынұлы жетінші орыннан, алтыншы орынға көтерілген. Бұл салмақта IBF белбеуінің чемпионы америкалық Калеб Плант. Ал рейтингтегі алғашқы екі орын бос. Үшінші орында АҚШ өкілі Калеб Труа тұр.

 

Орта садмақтағы бұл ұйымның чемпионы Геннадий Головкин. Ал осы салмақта сынға түсетін Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан тоғызыншы орынға көтерілген. Ал Жәнібек Әлімханұлы 11-орында болса, Қанат Ислам 14-сатыға жайғасқан. Орта салмақта бірінші және екінші орын бос тұрса, үшінші орында неміс боксшысы Патрик Войцицке орналасыпты.

 

Жартылай орта салмақта сынға түсетін Данияр Елеуінов тоғызыншы орында. Чемпионы Эролл Спенс болса, бірінші орында Өзбекстан өкілі Кудратилло Абукахоров, екінші орында Шон Портер, үшінші сатыда Сергей Липинец.

 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев бір саты төмен түсіп, сегізінші орынға орналасыпты. Бұл салмақта Джош Тэйлор әлем чемпионы, алғашқы екі орын бос. Үшінші сатыда Лиам Паро жайғасқан.




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31