Бокс

"Әлемді шулатады". Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады

  • © Vesti.kz

    © Vesti.kz

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО)   Vesti.kz тілшісіне кәсіпқой рингтегі ізбасарларын атады.


WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті.


"Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт - Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын", - дейді белгілі боксшы.


Сонымен қатар, Қанат Ислам Top Rank Promotions компаниясымен келісімшарт жасасқан тағы екі боксшыны атады.


"Сосын тағы екі жігітіміз бар - Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес", - деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой.


Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды. 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 12:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31