Бокс

Бокс аңызы "Канелоға" қауіпті боксшыны атады

  • Сурет: Matchroom Boxing

    Сурет: Matchroom Boxing

Аты аңызға айналған боксшы үлкен Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альварес және екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы британиялық Каллум Смит арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Мексикалықтың сөзін ESPN Deportes беріп отыр.

 

Мұның алдында британиялықтың промоутері Эдди Хирн желтоқсандағы жекпе-жек бойынша "Канелоның" командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған.

 

"Смит - бойшаң боксшы, бірақ, кейінгі жекпе-жегінде онша жұдырықтаспады. Сол кезде ол "Канелоның" көзіне түсті. Дегенмен Каллумнен сақтану қажет. Өз дивизионы үшін ол өте бойшаң және "Канелоға" онымен бетпе-бет келу керек. Смит - тамаша қарсылас. Рингте сәтсіз күн әркімде де болады. "Канело" жеңеді деп ойлаймын, алайда, рингте бәрі болуы мүмкін", - дейді Чавес.

 

Оның сөзінше, Смит пен америкалық Джермалл Чарло (орта дивизионда WBC чемпионы) "Канело" үшін қазақстандық Геннадий Головкиннен қауіпті.

 

"Логикалық тұрғыда, Смитпен жекпе-жек "Канело" үшін Головкинмен трилогиядан қызығырақ. Ал Чарло қазір бабында және қыркүйектегі Сергей Деревянченкомен айқаста өте мықты боксшы екенін көрсетті. Джон Райдермен жекпе-жек Смит үшін сәтсіздеу кеш болды, бірақ, ол "Канеломен" кездескенде мүлде басқаша болады", - дейді бокс аңызы.

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 2160    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31