Бокс

Бокстан Қазақстан ерлер командасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Белград қаласында бокстан халықаралық турнир басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

 

Қазақстан құрамасының мүшесі Ермахан Жақпеков жарысты жеңіспен бастады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол кипрлік Андреса Коккиносаны ұтты. Сонымен қатар, келесі айналымға Нұрқанат Рейс те өтті. Ол жергілікті боксшы Рами Киваннан басым түсті. 

 

69 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов шотландиялық Тайлер Джоллиді ұтып, жарысты келесі айналымда жалғастырады. 

 

Ертуған Зейнуллинов командаластарының жеңісті жолын жалғастыруда. 63 келіге дейінгі салмақта ол ресейдік Ян Штокаленкодан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ 81 келіде қазақстандық Нұрбек Оралбай сербиялық Слободан Йовановичты ұтып, келесі айналымда жұдырықтасуға мүмкіндік алды. 

 

Өкінішке қарай, 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов қарсыласына жол беріп, жарыстан шықты.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 19:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30