Бокс

"Бұрын да мұрнын бұзғанмын". Голландиялық боксшы Садриддин Ахмедовты жеңетініне сенімді

  • Сурет: instagram.com/sadriddin_____

    Сурет: instagram.com/sadriddin_____

WBC "жастар" титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) қарсыласы нидерландтық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтты.

 

22 жастағы Ахмедов пен 31 жастағы Даньо 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Он раундқа есептелген жекпе-жекте бірінші орта салмақта WBA Continental белбеуі сарапқа салынады.

 

"Жекпе-жегімізді асыға күтем. Садриддин - мықты боксшы. Онымен кездесу нағыз соғыс болады. Айқас тамаша өтеріне сенімдімін.

Мұның алдында да қазақ боксшымен жұдырықтасқанмын. Нағыз айуан екен, бірақ, мен жеңдім. Мұрнын бұздым, жақсырақ жұдырықтасқандықтан жеңіске лайық болдым. Алдағы кездесу мен үшін өте маңызды. Мен арсеналымдағы ең мықтысын көрсетуім керек. Жеңіс - менің мақсатым", - дейді Даньо.

 

2017 жылы Даньо қазақстандық Александр Журавскийді төрешілердің бөлек шешімімен жеңген. Осы жеңіс арқасында ол WBO Oriental және WBO European белбеулерін иеленді.

 

 




Көрілген: 2181    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31