Бокс

Данияр Елеусінов әлем боксының жүлдыздарымен бір кеште жекпе-жек өткізуі мүмкін

  • Фото: News Group Newspapers Ltd

    Фото: News Group Newspapers Ltd

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін Лас-Вегас қаласында аса ауыр салмақта WBC белбеуі сарапқа салынатын кеште өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

 

10 қазан күні ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО)  америкалық Деонтай Уайлдерге (42-1-1, 41 КО)  қарсы WBC белбеуін қорғайды. Бұл боксшылардың үшінші кездесуі. Бірінші айқас тең аяқталса, екінші кездесуде Фьюри техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

 

Дәл осы уақытта Данияр Елеусіновтің кездесуі де жоспарланған. Алдағы жекпе-жекте отандасымыз IBF Inter-Continental белбеуін қорғайды. Елеусіновтің менеджері Зия Алиевтің айтуынша, Олимпиада ойындары чемпионының келесі кездесуі мықты бокс кешінде өтеді. Қарсылас та үздік боксшылардың бірі болады.

 

Бұған дейін Елеусінов тамыз айында кездесу өткізеді деген ақпарат шықты. Бірақ бұл дата кейінге шегерілді. Негізі қазан айында көптеген бокс кештері бар. Алайда мамандардың пікірі бойынша, Данияр Фьюри мен Уайлдер арасындағы кеште кездесу өткізеді.

 

Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы кейінгі кездесуін 2020 жылдың 27 қарашасында өткізді. Жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental белбеуі сарапқа салынған бұл айқаста отандасымыз Джулиус Индонгоны жеңген еді. Содан бері Елеусінов әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.

 

 

 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.08.2021, 00:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31