Бокс

"Дивизион мықтыларымен жұдырықтасуға болады". Америкалық маман қазақстандық боксшылар жайлы

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) пен Али Ахмедовтың (14-0, 10 КО) болашағы зор. Америкалық журналист және Fightnews.com басылымының инсайдері Мигель Ангель Марвилла Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікірі білдірді.


Қазақстандықтар Голливудта өткен бокс кешінде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Орта салмақтағы Нұрсұлтанов Пуэрто-Рико боксшысы Луис Эрнандестен (16-8, 9 КО), ал Ахмедов суперорта салмақағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Майк Гайдан (9-4-1, 5 КО) басым болды.


"Нұрсұлтанов өте жылдам боксшы. Соңғы жекпе-жегінде арсеналының тамаша екенін көрсетті және рингте өзін айтарлықтай жақсы сезінді. Ол Эгис Климастың болашағы үлкен активі. Біраз уақыттан кейін өзін көрсететін мүмкіндік алады.


Ахмедовтың жаңа салмаққа ауысуы жақсы өтті. Бұл өте талантты жігіт, ол жеңіл категорияға икемделуі қажет. Жекпе-жегін сауатты өткізді деген ойдамын. Кей кемшіліктер бар, бірақ, бірінші жекпе-жек үшін көзге ілерлік емес. Қазір өз бабына келу керек, кейін дивизион мықтыларымен жұдырықтаса алады", - дейді Марвилла.


Айта кетейік, Ахмедовтың ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Ал Нұрсұлтанов Main Events промоутерлік компаниясы және белгілі менеджер Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан.  




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31