Бокс

"Головкин – "Канело" жекпе-жегі: 3-ші кездесудің күні мен өтетін орны жарияланды

  • © REUTERS / Las Vegas Sun/Steve Marcus

    © REUTERS / Las Vegas Sun/Steve Marcus

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегін өткізуге қатысты келіссөздің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.


Мексикалық боксшының тарапы үшінші кездесуді Лас-Вегаста "Синко де майо" мерекесінің құрметіне демалыста өткізгісі келеді. Бұған дейін олар "Канело" шаршы алаңға 4 мамырда оралуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.


"Жуырда мен Головкиннің адамдарымен алғашқы келіссөзді жүргіздім. Біз үшінші жекпе-жекті Лас-Вегастағы бокс үшін ең айтулы дата болатын "Синко де майо" мерекесінде өткізуді ұсындық. Сол себепті, біз келіссөздерді бастаймыз. "Канело" кез келгенімен жұдырықтасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі үлкен мүмкіндік болғалы тұр. Келіссөз басталды, оның неге әкелетінін көреміз", — деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұқбатында.


Еске сала кетсек, GGG мен "Канелоның" алғашқы екі жекпе-жегі де Лас-Вегаста өткен болатын. Бірінші кездесу тең аяқталса, екіншісінде төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті.


Sputnik


 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.01.2019, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30