Бокс

Головкин Instagram парақшасында қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс білдірді

  • Головкин Instagram парақшасында қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс білдірді

    Головкин Instagram парақшасында қазақстандықтарға қолдауы үшін алғыс білдірді

 Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында Стив Роллспен өткен жекпе-жегінде қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды  Vesti.kz.


28 мамырда ERG Kazakhstan қарағандылық кеншілері атақты жерлестерін қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Флешмобқа 300 жұмысшы қатысты. Бұл үшін арнайы жарылыс ұйымдастырылды. Оның аумағы 900 шаршы метр болды. 12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, жарылған тау-кен массасының көлемі - 97 мың текше метр.





Содан кейін #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хештегтерімен флешмобқа көптеген қазақстандық қосылды. Сондай-ақ, флешмобқа қатысушылардың кейбірі Геннадий Головкиннің Instagram  желісіндегі сториске шығып отырды.


Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңген еді. Compubox жүйесінің мәліметіне сүйенсек, төрт раундта Головкин 223 соққы жасаған. Оның 62-сі дәл тиген (28 пайыз). Головкин жұмсаған 108 джеб соққысының 14-і дәл тиген (13 пайыз). Сонымен қатар, қазақстандық боксшы 104 ауыр соққы жасаған. Оның 48-і дәл болған. Ал Роллс қарсыласына қарағанда әлдеқайда аз соққы жасаған. Оның 175 соққысының 38-і дәл тиген (22 пайыз). Стив жұмсаған 71 джеб соққының 13-і дәл болған (18 пайыз). Сондай-ақ канадалық боксшының 104 ауыр соққысының 25-і дәл тиген (24 пайыз).



kaz.tengrinews.kz


 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.06.2019, 22:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31