Бокс

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болмайды: "Канело" мәлімдеме жасады

  • © REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

    © REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) командасының қыркүйектегі кездесуден бас тартуына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.


"Мексикалық ретінде мамыр және қыркүйек айларында елімнің намысын қорғау мен үшін зор жауапкершілік. Алайда бірнеше салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы ретінде бәсекелестікке толы "әдемі" жекпе-жек өткізу де менің міндетім. Сондықтан Golden Boy мен менің командам кездесу күнін шегеруді шешті. Бұл жанкүйерлерге деген құрмет. Біз үздік қарсыласпен үздік жекпе-жек көрсеткіміз келеді", - деді "Канело".


Еске сала кетсек, Сауль Альварес 14 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші кездесуін өткізуі тиіс болатын. Бірінші жекпе-жекте екі боксшы да тең түсті. Бұл жанкүйерлер наразылығын тудырған болатын. Ал екінші кездесуде жеңіс мексикалыққа берілді.


Сауль "Канело" Альварес Головкинмен жекпе-жектен бас тартты.



Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварестің келесі кездесуі 2019 жылдың соңына дейін өткізілетінін айтты. Алайда қарсыласы әлі белгісіз.


"Канело" рингке осы жылдың соңында қайта оралады. Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз", - деді Гомес ESPN-ге берген сұқбатында.


Боксшының өкілі жекпе-жекті шегеруге "Канелоның" бұрынғы жарақаты себеп болды деген ақпаратты жоққа шығарды.


 Sputnik




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30