Бокс

Головкин промоутері допинг дауына байланысты жекпе-жек өткізу құқынан айырылуы мүмкін

  • https://allboxing.ru/

    https://allboxing.ru/

Невада штатының спорт комиссиясы (NSAC) Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирнге 20 желтоқсанда допинг үшін шеттелген Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) жекпе-жегін өткізетін болса, санкция қолданатынын ескертті, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Мұның алдында бұл жекпе-жек 20 желтоқсан АҚШ-тың Финикс қаласында өтеді деп жоспарланғаны хабаланған. Ал оған дейін кездесуді Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын, алайда, Чавес Неваданың спорт комиссиясы тарапынан допинг тест өтпегені үшін шеттелген. 20 қарашада боксшыға лицензияны қайтару мәселесі қаралатын комиссия отырысы өтеді.

Дегенмен, Эдди Хирн 8 қарашада Джейкобс және Чавес қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. АҚШ-та кәсіпқой бокс ережелерін реттейтін Мохаммед Али акті бойынша, кез келген штат комиссиясының шешімі Амеркианың барлық аумағында жарамды болғандықтан, NSAC промоутер ісін заң бұзу деп қарастыруда.

"Эдди Хирнге Matchroom Невада штатының заңын бұзса, қандай салдар болатынын ескерттім. Бұл компанияның лицензиясын ұзарту кезінде ескеріледі. Бұл хат жазылған уақытта ешқандай әрекет жасалмады, яғни, Неваданың спорт комиссиясының тәртіптік шара қолдануға негізі бар", - делінген NSAC басшысы Боб Беннеттің хатында.

Хирннің өзі Yahoo Sports баслымына берген сұхбатында NSAC басшысынан хат алғанын растады, дегенмен, қазір оны заңгерлер қарастырып отырғанын айтып, пікір білдіруден бас тартты. 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қазан, 14:16
    Головкинге не болды?
    28 Қыркүйек, 08:35
    Бокс. Әлемдік үздік ондық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31