Бокс

Головкинге DAZN-дегі жекпе-жегі үшін төленетін гонорар көлемі айтылды

  • © boxnews.com.ua

    © boxnews.com.ua

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


GGG 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізеді, қарсыласы - әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Головкин мен DAZN стриминг сервисі арасындағы үшжылдық келісімшарт аясында өтетін алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.


Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокстың ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 15 миллион доллар алуы мүмкін.


"Головкин Роллспен кездесу үшін 15 миллион доллар алады деген қауесет тарап жатыр. Бұл жекпе-жек деңгейіне сай келмейтін ақша. DAZN Головкин мен оның менеджментіне платформадағы дебюті үшін оңай кездесу ұсынған болар. Бірақ Роллспен жекпе-жектен кейін GGG өзінің келісімшартын Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде мен Джермалл Чарло секілді "арыстандарға" қарсы кездесулерде ақтайды", - деп жазды журналист.


Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Сол кезде ол мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (51-1-2, 35 КО) төрешілер шешімімен ұтылып, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылған болатын. 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30