Бокс

Головкиннен кетіп, "Канелоның" промоутеріне қосылған отандық боксшы жеңіске жетті

  • Головкиннен кетіп,

    Головкиннен кетіп, "Канелоның" промоутеріне қосылған отандық боксшы жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев өзінің отандасы Геннадий Головкиннің командасынан кеткенннен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізді. "Канелоның" промоутерлерімен келісімшартқа отырған отандық спортшы Golden Boy атынан дебют жасады деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Филиппиндік Рики Сисмундоға қарсы жекпе-жек Мадиев үшін Golden Boy Promotions құрамына өткелі алғашқы кездесуі болды. Боксшылар АҚШ-тағы Невада штатының Карсон қаласында жұдырықтасқан. Жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Оның нәтижесінде Руслан Мадиев төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.


Бұл отандық боксшы үшін кәсіпқой бокстағы 13 жеңісі болып табылады. Бұл жеңісінің арқасында ол қыркүйекте орын алған кәсіпқойдағы алғашқы жеңілісін жапты. Сисмундо болса 14 жеңілісіне тап болды.


Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының "Канелоның" промоутерлерімен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатынбыз. Руслан Мадиев Головкиннің командасынан даудан кейін кетіп қалған.




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 13:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30