Бокс

Головкиннің WBA чемпионымен қандай жағдайда жекпе-жек өткізетіні айтылды

  • Фото: DAZN©

    Фото: DAZN©

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы көктемде WBA Super белбеуінің иегері жапондық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) шаршы алаңға шығуы мүмкін.

 

Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне британдық кәсіпқой бокс эксперті Ли Кормли айтып берді. Маман сонымен қатар бұл жекпе-жектің өтуіне әсер ететін ең негізгі факторды да сөз етті.

 

"Мен Головкин мен Мурата командаларының арасындағы келіссөздер туралы білемін. Бұл кездесу мамыр айында Жапонияда өтуі ықтимал. Түсінуімше, трибунаға жанкүйерлерді кіргізу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Бұл ең маңызды фактор болып тұр. Егер жанкүйерлердің кіруіне мүмкіндік болса, Головкин мен Мурата жекпе-жекке келіседі. Соңғы әрі нақты шешім осы наурыз айының соңына қарай шығатын шығар. Қалай болғанда да бұл кездесуге қызығушылар көп, сондықтан ол ерте ме, кеш пе биыл өткізілуі тиіс" - деді Кормли.

 

Осыдан аздаған уақыт бұрын қазақстандық боксшының командасы Муратамен жекпе-жек турасында келіссөздер жүргізіп жатқандығы туралы ақпарат шыққан болатын. Жекпе-жек шамамен 2021 жылдың көктемінде Жапонияда өткізіледі деп жоспарланған еді.

 

Естеріңізге сала кетейік, GGG  бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездесу өткізуі мүмкін деген де ақпар тараған. Алайда, бұл кездесудің болатыны, однако их бой, похоже, маловероятен.




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31