Бокс

Хирн: Головкин "Канеломен" қыркүйекте жұдырықтасады

  • Хирн: Головкин

    Хирн: Головкин "Канеломен" қыркүйекте жұдырықтасады

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші кездесу 2020 жылы өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

 
 
Фото: Instagram/gggboxing

Фото: Instagram/gggboxing

Хирннің айтуынша, жекпе-жек келесі жылы қыркүйек айында өтеді.

Қос боксшының арасындағы үшінші кездесу алдында Головкин наурызда Камил Шереметамен жұдырықтасады.

Ал Сауль Альварес мамыр айында Билли Джо Сондерспен немесе Каллум Смитпен жекпе-жекке шығады.

"Головкинмен байланысты трилогияға келетін болсақ, бұл жерде нақты стратегия бар, оған сәйкес, "Канеломен" кездесу қыркүйекте өтеді. Мен оған сенімдімін. Бұл жекпе-жекті сіздер 2020 жылы көресіздер. Головкин Деревянченкомен қолғап түйістірді, енді боксшы шаршы алаңға наурызда оралады, сосын қыркүйекте тағы шығады. "Канело" болса, алдымен Сондерспен немесе Смитпен рингке шығады. Одан кейін, қыркүйек айында Головкинмен кездеседі",-деді промоутер.

Осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шереметаның арасындағы кездесу жоспарланған уақыттан кейінге шегерілгенін хабарлаған болатынбыз. Жекпе-жек уақытының өзгергені туралы Шереметаның промоутері мәлімдеді. Оның сөздерін польшалық RingPolska басылымы жариялады.

 




Көрілген: 783    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31