Бокс

Жұрт кәсіпқой бокс көкжиегінде жарқырай жанған тағы бір жұлдызды байқады ма екен?

  • Жұрт кәсіпқой бокс көкжиегінде жарқырай жанған тағы бір жұлдызды байқады ма екен?

    Жұрт кәсіпқой бокс көкжиегінде жарқырай жанған тағы бір жұлдызды байқады ма екен?

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚАРАҒАНДА-76


«Канело-Ковалев» деп жүргенде көп жұрт кәсіпқой бокс көкжиегінде жарқырай жанған тағы бір жұлдызды байқады ма екен, әлде байқамады ма..?

Жиырма бір жасқа енді толған бұл жампоз осы бокс кешінде өзінің 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Мұның 16-сында ол қарсыластарын естен тандырып құлатқан.

Аттандататындай лақап атсыз жәй ғана Райан Гарсия болып рингке көтерілді де, есті тандыратын екі соққы жасап, шаруасын тындырды. Бұл жолы мексикалық жас перінің алдында филиппиндік Ромеро Дуно (23-0-2, 16 КО) тізе бүкті.

Жұрт кәсіпқой боксты осындай Тәңірі талантты аямай берген дарын иелері үшін жақсы көреді. Қалтасындағы ақшаны аямай барып, ат шаптырым сарайларды лықа толтырады. Сондағысы жанкүйер жазған ұлы бокс өнерінде жаңа пайда болған жарық жұлдыздың өзгеге ұқсамас және қайталанбас қолтаңбасын, яғни мәнерін көру үшін барады. Бұл жерде пиар дегеннің үні өшеді, керегі де болмай қалады.

Бүгін ол Канелоның андеркартында өнер көрсетті. Күні ертең, көресіздер, Гарсияның кезекті жекпе-жегін көру үшін Канело бастаған кереметтер шаршы алаңнан жақын жерден орын іздейтін болады.

Бесатардың оғындай, сақпанның тасындай зу-зу ектен соққыларды көрдік. Әлде оқтан да жылдам ба?!

Енді Райан Гарсияны біз де іздеп жүріп көретін боламыз!

Ал Канело-Ковалев жекпе-жегіне келсек, 36 жастағы орыс боксшысы үшін карьерасының осылай аяқталғаны ешқандай да өкініш тудырмайды. Оны дәл қазіргі уақытта әлемдегі ең мықты былғары қолғап шебері «зор құрметпен» зейнеткерлікке шығарып салды. Бұл – заңы қатал, бірақ өте әділ кәсіпқой бокс, бауырым!


Қайрат Әбілда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30