Бокс

Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

  • Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

    Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралады

Кәсіпқой бокс әлемінде Qazaq лақап атымен танымал боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралмақ. Бұл жайында боксшының өзі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті менің жанкүйерлерім! Біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. Жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!», - деп жазды Қанат Ислам Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам (28-0, 22 КО) осы жылдың 20 ақпанында АҚШ-тың Флорида штатының Майами қаласында өткен айқаста эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Сол кезде қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопес The Ring-ке берген сұхбатында Қанат Исламның келесі екі жекпе-жегі осы жылдың маусым мен қыркүйек айларына жоспарланған айтқан еді.

Ал наурыз айында кәсіпқой бокс әлемінің инсайдтары мен жаңалықтарын жариялап жүрген Boxing Media UK твиттер-аккаунтында WBC нұсқасы бойынша дивизиондағы әлем чемпионы, американдық боксшы Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде Қанат Исламның да қарастырылып жатқаны жазылды.

ҚазАқпарат




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 15:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30