Бокс

"Канело" Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізетін болды

  • https://mmaboxing.ru/

    https://mmaboxing.ru/

Екінші орта салмақта WBC және WBA чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы дивизиондағы WBO белбеуіне ие британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 KO) жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Оның сөзінше, тараптар келісімге келіп үлгерген. Бұл айқаста үш титул да сарапқа салынады. Жекпе-жек АҚШ-та өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу 1 немесе 8 мамырға жоспарланған.

 

 

Бірақ алдымен "Канело" 27 ақпанда WBC желісі бойынша міндетті қарсыласы түркиялық Авни Йылдырымға (21-2,1 2 KO) қарсы кездесуде титулдарын қорғау керек.

 

Бұған дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутерінің бірі Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирнмен екі жекпе-жекке келісімшарт жасаған болатын.

 

 




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

жұма, 29.01.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30