Бокс

Қарсыласын бірініші раундта сұлатқан қазақстандық нокаутшы әлемдік рейтингте шарықтады

  • Қарсыласын бірініші раундта сұлатқан қазақстандық нокаутшы әлемдік рейтингте шарықтады

    Қарсыласын бірініші раундта сұлатқан қазақстандық нокаутшы әлемдік рейтингте шарықтады

Супер ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) титулды жекпе-жегіндегі нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте 92 саты жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыс Германияның Гамбург қаласында қазақстандық боксшы IBO Inter-continental белбеуі үшін хорватиялық Агрон Смакичимен (15-1, 13 КО) жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде аяқталды - Кособуцкий қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Бұл жеңіс арқасында ол өз дивизионында BoxRec рейтингінде 79-шы орынға тұрақтады.

Осылайша, Кособуцкий 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (11 нокаут). Ал Смакичи алғаш рет жеңіліп тұр, бұған дейін ол 15 рет жеңіске жетен еді (13 нокаут).

Мұның алдында Кособуцкий жекпе-жектің қалай өткенін айтып берген еді.

"Көрермендер қарсыласымды жақсы қолдайтыны сезілді. Ол жергілікті жанкүйерлердің сүйікті боксшысы (Гамбургте тұрады - Vesti.kz ескермесі). Бәс қою коэффициенті де оның пайдасына еді 87 пайыз 13-ке қарсы. Бірақ мені бұл еш селт еткізбеді.

Көрермендер жекпе-жектің мұнша жылдам және өздеріне кері аяқталатынын күтпегенін түсіндім. Бұл олардың миына сыймайды. Қысқаша айтқанда, олар есеңгіреп, сасып қалды!", - дейді боксшы.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30