Бокс

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

  • Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

    Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті

Жекпе-жек барлық он раундқа созылды, нәтижесінде төрешілердің шешімімен Садриддин Ахмедов жеңіске жетті

23 жастағы қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов Нидерланды өкілі Стивен Даньоны жеңді.

Олардың жекпе-жегі Мексиканың Куэрнавака қаласында өтті. Бірден бірінші орта салмақтағы үш белбеу &ndash WBA Continental, NABF және WBC Francophone бәске тігілді.  

Жекпе-жек барлық он раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ахмедовке берді. Осылайша бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшысы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. 

Ахмедов Мексикада алғаш рет жұдырықтасты. Алдыңғы он жекпе-жегін Канадада, біреуін Қазақстанда өткізген. Канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.

Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында аргентиналық Хосе Вильялобосқа қарсы өткізді. Жекпе-жек жетінші раундта нокаутпен аяқталды.  

sputnik.kz




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

сенбі, 30.01.2021, 12:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Наурыз, 17:12
    Левит жеңіліп қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30