Бокс

Қазақстандық тоғыз боксшысы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

  • Данияр Майлыбаевтың фотосы©

    Данияр Майлыбаевтың фотосы©

22 сәуірде бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектер басталады. Ширек финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан қалып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


1/8 финалда Қазақстанның бір боксшысы ұтылып қалды: Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) өз кездесуінде қарсыласына жол берген болатын.


Осылайша, ширек финалда Қазақстанның намысын тоғыз боксшы қорғайды: Теміртас Жүсіпов (49), Қайрат Ералиев (56), Зәкір Сафиуллин (60), Санатәлі Төлтаев (64), Асланбек Шымбергенов (69), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91).


Ал Өзбекстаннан келген он боксшының бәрі де ширек финалда өнер көрсетеді: Нодиржон Мизахмедов (49), Хасанбой Дусматов (52), Миразиз Мирзахалилов (56), Шукуржон Рахимов (60), Шункор Абдурасулов (64), Бобо-Усмон Батуров (69), Исраил Мадримов (75), Дилшодбек Рузметов (81), Санжар Турсунов (91) және Баходир Жалолов (+91).


Ширек финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында үш жекпе-жек өтеді. Бек Нұрмағанбет 81 келіге дейінгі салмақта Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасады. Ал 75 келіге өнер көрсететін Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингте екі кездесу өткізіп үлгерген Исраил Мадримовпен күш сынасады. Асланбек Шымбергенов болса, 69 келіге дейінгі салмақта Бобо-Усмон Батуровпен кездеседі.


 Тengrinews.kz




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30