Бокс

"Келесі жекпе-жек маусымда". Головкин жаңа келісімшартқа қол қойды

  • © instagram/gggboxing

    © instagram/gggboxing

DAZN стриминг жүйесі Twitter желісіндегі ресми парақшасында Геннадий Головкинмен келісімшартқа отырғанын жариялады. "Келісім өтті! GGG жекпе-жектерін DAZN жүйесінен көріңіздер", - делінген 8 наурызда кешкісін жарияланған хабарламада.


Қазақстандық боксшы үшін күресте олар Showtime арнасындағы Premier Boxing Champions (PBC) жобасын және FOX-та трансляциялармен басып озды. Тағы бір үміткер - ESPN болды, бірақ арна қаңтар айында жарыстан шықты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


The Ring журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы мен DAZN арасындағы келісімшарттың мән-жайын жариялады. Журналист Майк Коппинджердің мәліметінше, негізінде келісімшартқа 7 наурызда қол қойылған екен. Бұл туралы ресми түрде 12 наурызда, Лос-Анджелестегі баспасөз конференциясында айтылады.


Жаңа жүйеде Головкин бірінші кездесуін маусымда өткізеді. Үшжылдық келісім барысында, ол жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Дереккөз мәліметінше, GGG әр жекпе-жегі үшін сегіз таңбалы санды алады екен.


Сонымен қатар, Головкин DAZN жаһандық елшісі атанды. Бұл тізімде мексикалық Сауль "Канело" Альварес" және футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Неймарда бар.


DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді.


Головкинмен келіссөздерді бірнеше ай бойы DAZN атқарушы директоры Джон Скиппер мен ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн жүргізді. Олар Лос-Анджелесте бірнеше кездесулер өткізді, бұл боксшы тұратын Санта-Моникаға жақын.


Еске салайық, Геннадий Головкин HBO боктан кеткеннен кейін телесеріктессіз қалды. Осы арнада қазақстандық боксшы 2012 жылдан бастап өнер көрсетті.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сенбі, 09.03.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30