Бокс

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа түркістандық жанкүйерлері темір тұлпар сыйға тартты

  • Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа түркістандық жанкүйерлері темір тұлпар сыйға тартты

    Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа түркістандық жанкүйерлері темір тұлпар сыйға тартты

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты түркістандық жанкүйерлері Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан күтіп алып, темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Түркістан облысының тарихында алғашқы Олимпиада медалін ұтып алған Сәкен өзін үздік спортшы екенін көрсетеді. Оған барлығымыз жанкүйер болдық, куә болдық. Бұл алтынға бергісіз қола жүлде болды. Бізге үлкен мәртебе. Түркістан облысының барлық спортшыларына жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз", – деді облыс әкімі.

 
Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен 24 жастағы спортшы жартылай финалдық жекпе-жекте Ұлыбритания спортшысы Галал Яфаймен кездесіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

"Мені қолдаған барша қазақ еліне, халқыма шексіз алғысымды білдіремін. Әрине, негізгі мақсатымыз алтын болған. Бұйырғаны осы болды. Аллаға шүкір деймін. Қазақтың атын әлемге таныту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімді салуға уәде беремін", – деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.

Айта кетсек, Сәкен Бибосынов Токио төрінде 4 кездесу өткізді. Ол Пуэрто-Рика, Франция, Испания боксшыларын жеңіп, қола медальға ие болды. 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.08.2021, 09:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31