Бокс

Өзбек нокаутшы Батыр Жүкембаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

  • Сурет: badlefthook.com

    Сурет: badlefthook.com

Бірінші орта салмақтағы өзбекстандық проспект Шохжахон Эргашев (19-0, 17 КО) қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевпен (18-0, 14 КО) жекпе-жектен бас тартыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Boxingscene.com және Boxing News инсайдері Шон Намның мәліметінше, Эргашевке қазақ боксшымен айқас үшін 25 мың доллар ұсынылған екен.

 

"Бірқатар мәлімет көзі MTK Global Шохжахон Эргашевтың карьерасымен айналыса бастағанын хабарлады. Сот құжаттары оның промоутері Дмитрий Салита боксшыға қарсы келісімшарты бұзу мен былтыр Ресейде жұдырықтасқаны үшін екі арыз түсіргенін көрсетіп отыр.

 

Ол құжаттар бойынша Эргашев Showtime трансляторында Гэри Антуан Расселмен 50 мың және Батыр Джукембаевпен Ring City трансляторында 25 мың долларға жұдырықтасудан бас тартқан. Бұл шағым бойынша Эргашев IBF рейтингінен де шығып қалуы мүмкін", - деп жазыпты Нам твиттер желісінде.

 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31