Өзбекстандық "Құбыжық" Головкинге жолдау жасады
"Құбыжық" лақап атты өзбекстандық проспект Исраил Мадримов қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
"Иншааллах, чемпион", - деп жазыпты ол Matchroom Boxing жасаған GGG мен Камил Шеремета жекпе-жегінің видошолуына.
 
 
Былтыр қазанда Мадримов Головкин андеркардында жұдырықтасты. Ал қазақстандықты ең сүйікті боксшысы деп атаған. Сонымен қатар, ол Геннадий - өзінің бокс стиліне үлкен әсер еткендердің бірі екенін атап айтқан.