Бокс

Серік Сәпиев "Астана арландарының" директоры болады

  • mgorod.kz

    mgorod.kz

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Бүкіл әлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін «Астана арландары» клубының директоры болады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы қорғаншылық кеңесінің басшысы Дархан Қалетаев айтты.

Қазір Серік Сәпиев Ұлыбританияда, спорт менеджері бойынша оқуын аяқтап жатыр. Дархан Қалетаевтың айтуына қарағанда, Серік «Астана арландары» клубын басқаруға келісімін берген. Жыл соңында ол жаңа қызметке кірісетін болады.

Олимпиада ойындарының лицензиясы таратылатын WSB жобасының бесінші маусымы қаңтар айында басталатыны белгілі. Сондықтан да Серік жаңа қызметіне келісімен-ақ қызу жұмысқа кірісіп кететіні анық. Себебі, бүгінде «Астана арландары» клубы бас бапкерсіз қалып отыр. Еске салайық, өткен аптада бұл клубты екі жыл қатарынан жаттықтырып келген Сергей Корчинский өз еркімен қызметінен кеткен. Ал, оның алдында команданың директоры Болат Манкенов та өз еркімен арыз жазып, орнынан кеткен болатын.

Ал бүгінде команда қатарындағы барлық спортшылар Қазақстан біріншілігінде өз облысының намысын қорғау үшін үйді-үйдіне кетіп қалған. Ұжымның алғашқы жиыны желтоқсан айына белгіленген. Дәл осы кезде Серік Сәпиев те клуб қатарына қосылатын шығар.

—  Серік «Астана арландарын» басқаруға келісім берді. Клубтың алдында Олимпиада ойындарының лицензиясын алу деген нақты тапсырамалар бар. Сондықтан да клубтың бюджеті өзгеріссіз, бұрынғы қалпында қалады. Серіктің өзі спортшы болған. Сол үшін де ол жаңа жұмыс орнында команданы бір арнаға тоғыстырып, зор табысқа жетеді деген үміттеміз, – дейді Дархан Қалетаев.




Көрілген: 1702    Пікірлер: 1

сейсенбі, 18.11.2014, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31