Бокс

Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді

  • Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді

    Серік Сәпиев боксшыларды сынайтындарға жауап берді

Боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне бапкерлер де, спортшылардың өздері де жауапты, деді комитет төрағасы

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жанкүйерлердің сынына жауап берді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жанкүйерлерден боксшыларды сынауды емес, қолдауды сұраймын. Себебі оларға оңай емес. Әрине, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қатысқалы бері бұл ең нашар көрсеткіш. Дегенмен, құрметті жанкүйерлер, сспортшыларымызды сынамаңызшы. Оларға сіздердің қолдауыңыз қажет", - деді Сәпиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуіне бапкерлер де, спортшылардың өздері де жауапты. 

"Біз бас бапкерлерді тағайындағанда барлық жауапкершілікті соларға жүктейміз. Себебі олар оқу-жаттығу жиындары кестесін жасайды. Бірақ көп нәрсе спортшыларға да байланысты. Олар Сәкен Бибосынов сияқты рингке шығып, барын салуы қажет. Демек бір жағынан боксшыны жақсы дайындап, жүйелі режим мен кесте құру керек, екінші жағынан спортшылар да бар күш-жігерін салуы тиіс", - деп атап көрсетті Сәпиев.

Комитет басшысы Олимпиададан кейін арнайы отырыс өткізілетінін де жеткізді. Сол жерде бапкерлерге қатысты шешім қабылданады. 

"Олимпиада ойындарынан кейін федерациялар мен Ұлттық Олимпиада комитетінің қатысуымен кеңейтілген отырыстар ұйымдастырылады. Бапкерлер ротациясы жасалады. Қателіктер жан-жақты талқыланады. Токио Олимпиадасынан кейін бізде міндетті түрде кеңейтілген отырыс өтеді. Сол жерде тиісті шешім шығарылады", - деді Сәпиев.

Айта кетері, осы жолы бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиададан алтын медальсіз қайтады. Токиода екі боксшы ғана жартылай финалға жетіп, ары қарай өте алмады. Сөйтіп, екеуі де қола медальді қанағат тұтты.




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

жұма, 06.08.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30