Бокс

Шетелдік маман қазақстандық нокаутшыға титулды жекпе-жекте қарсыласын сұлату керегін айтты

  • © lesoleil.com

    © lesoleil.com

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (17-0, 13 КО) тек нокаутпен жеңу керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында канадалық TheFightCity.com порталының шолушысы Захари Алапи осындай пікір білдірді.

Жүкембаев 25 қаңтар Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде 27 жастағы Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) жұдырықтасады. Қазақстандық боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. Бұл шоуға билеттердің бәрі сатылып кеткенін айта кетейік.

Қазақстандық нокаутшының басты әрі титулды жекпе-жегіне қарсыласы шықпайтын болды

"Қарсыластың ауысуы жақсы емес. Келесі боксшы рейтингте төмен және шеберлігі аз болса да. Алайда мұндай деңгейде Жүкембаевтың нәтижесіне бұл әсер ете қоймас. Бәрі соншалықты жаман емес. Лара канадалық жанкүйерге таныс. Екі жекпе-жегінде де жеңіске жақын еді.

Техникасы бар боксшы, қазақстандықпен айқаса алады. Дегенмен жекпе-жектің аяқталар бір ғана жолы болу қажет. Әсерлі жеңіс үшін нокаут керек. Бұл Батыр үшін мінсіз болады", - дейді Алапи.

Бастапқыда Жүкембаев аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронмен (12-3-1, 4 КО) жекпе-жекке шығу керек болатын, алайда, ол Канадаға виза ала алмады.

 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30