Бокс

"Сұмдық төбелес болайын деп тұр". Сарапшы Головкин залындағы боксшының Шүменовпен жұдырықтасуы жайлы

  • Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

    Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Алғашқы ауыр салмақта WBA "қарапайым" чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) пен осы ұйымның "уақытша" чемпионы франциялық Арсен Гуламирян (24-0, 16 КО) арасындағы жекпе-жек шешуші болмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында BoxingScene.com және fightclubcom.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи осындай пікір білдірді.


Шүменовтың командасы бұл жекпе-жектің промоутерлік саудасын ұтып алған еді. Енді тараптар 29 ақпанға дейін келісімшарт жасасу қажет. Жекпе-жектің өтетін уақыты мен орны ретінде: 15 сәуір Монако, 30 сәуір Астана және 13 мамыр Нью-Йорк қарастырылып отыр.


"Гуламирян - тамаша боксшы. Ол элиталы боксшылар санатына кіру мүмкіндігіне лайық. Бұл кездесу Шүменов үшін де шешуші. Бұрынғы деңгейіне көтеріле алатынын көрсету керек. сұмдық төбелес болайын деп тұр", - дейді Гемичи.


Еске салайық, 35 жастағы Шүменов WBA белбеуін былтыр шілде Астанада түркиялық Хизни Алтункаяны (31-3, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңіп иеленген. Былтыр қаңтарда карьерасын қайта жалғастырған қазақстандық үшін бұл жекпе-жек 2016 жылдың мамырынан бергі алғашқы жұдырықтасу еді.


Ал 31 жастағы Гуламирянды Big Bear лагерінде қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес жаттықтырады.  




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.02.2019, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30