Кембридждік тәсіл бойынша біліктілікті арттырудың жарқын болашағы

Кембридждік тәсіл бойынша біліктілікті арттырудың жарқын болашағы

Орманбекова Ләззат Жекенқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

Білім беру жүйесі - қай ғасырда, қай кезеңде болмасын қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі өскелең ұрпаққа жан - жақты білім беріп тәрбиелеу әрбір ұстаздың білім беру үдерісіндегі басты міндеті. "Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі"- деп Ы. Алтынсарин айтпақшы, жүрексіз өмір жоқ болса, мұғалімсіз білім беру іске аспайтыны айдан анық.
Бүгінгі таңда халқымыздың, еліміздің өркендеп өсіп, қияға қанат қағып самғауы үшін ең бірінші білім, ғылым керек.
Бүгінгі күннің басты мақсаты – мұғалімді заманауи әдістемелер мен технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу.
ХХІ ғасыр белесіне аяқ басқан адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі саналатын кезеңге келіп жетті. Республика халқының 20 пайыздан астам бөлігін құрайтын үш миллионға жуық баланы оқытып отырған орта мектеп білім берудің негізгі буыны болып табылады. Біздің бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміз – баға жетпес ұлттық байлығымыз, еліміздің ертеңі.
Ал мектептің қазіргі жайына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірде-бір азаматы немқұрайлы қарай алмайды. Қазақстан орта білім қызметінде басты басымдық оқушылардың рухани –адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды нақты өмірге дайындау екені айқындалды.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең бастысы– әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу.
Өскелең болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптарымен оның мақсат мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, логикалық ой тұжырымдатып,таңғажайып ғылым саласына тартуда мұғалімнің атқаратын ролі зор. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың жүйелі әдістері жасалуда. Осы әдістердің- мақсаты педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы біліктіліктілікті арттырудың көп деңгейлі және педагогтың кәсіби имиджін қалыптастыруға арналған Кембридж тәсіліне негізделген бағдарлама болып отыр.
Бұл бағдарламаның артықшылығы мұғалімдер халықаралық деңгейде дайындалады, ерекше білім алуда мүмкіншілік жасалынады. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі бірінші бетпе- бет кезеңінде теория тұрғысында жеті модульмен таныссақ, екінші кезеңінде практика жүзінде зерттеу болды. Бұл Бағдарламадағы жеті модуль дегеніміз не?
Модульдер:
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерде оқушылар өз түсініктерін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкестеп құратын белсенді білім алушы болып табылса,ғылыми зерттеу нәтижелерінде Мерсер (1995 ж) мен Александердің (2008 ж) «Диалог негізінде оқыту және оқу», Флейвелл (1976 ж) Выготскийдің (1978ж) «Қалай оқу керектігін үйрету» атты педагогикалық тәсілдері әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.
Диалог негізінде білім беру мен білім алу - оқушылардың өзара сұхбаттасуын
дамытатын,мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірлерін жүйелейтін тәсіл.
«Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана – оқушының өз деңгейі арқылы нәтижеге жетіп,білім жинау жауапкершілігін түсінуге көмектесетін тәсіл .
Жалпы білім алу – оқушы білімінің сандық ұлғаюы,есте сақтауы,ақпарат жинақтауы, мән –мағынасын ұғынып- анықтауы,шынайылықты өзгеше түсініп-түсіндіруі. Ал біздің қалай білім алатынымызды түсінуге бағытталған зерттеушілердің « теориялық экспедицияларында » әдеби негізгі үш топ анықталған: әлеуметтік психологтар, мотивациялық,аффективті теоретиктер және когнитивті психологтар.
Когнитивті психологтар адам санасында болып жатқан үдерісті зерттейді.
Когнитивті психология әлемінде 1960 жылы Жан Пиаженің ойлауды дамыту теориясы
басымдыққа ие болды.Ол кеңістік,уақыт,сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін анықтады. Мотивациялық және аффективті теорияда «мен» тұжырымдамасына назар аудара отырып,түсінуді дамытуда жеке ркіндік,таңдау,ынта және сезімдердің мәнінің де зор екені айтылған.Ғалым Авраам Маслоу (1968ж) өз зерттеуінде ынтаның бес сатылы үлгісін ұсына отырып,психологиялық қажеттіліктерді төменгі деңгейге,өзін-өзі көрсете,таныта білуді жоғарғы деңгейге орналастырды.Олар: Биологиялық және физиологиялық ,қауіпсіздікке ,қарым-қатынасқа ,өзін-өзі құрметтеуге,өз-өзін таныта білуге деген қажеттіліктер. Мен
тұжырымдамасы когнитивті және аффективті компоненттердің үйлесуі болып келеді.
Компоненттері: Когнитивті, аффективті, әлеуметтік.Әлеуметтік –мәдени теорияда психолог Лев Выготский жұмыс жасаған.Теория жеке тұлғаның
дамуына қосатын қоғам үлесінің маңызын қарастырады.Маңызды ұғымы- жақын арадағы даму аумағы. Выготскийдің пікірінде оқушылардың ересек ,көзі ашық зиялы кісілермен араласуы нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамып,әлеуметтік -жанама диалог орнатады деген.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер білім алуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» қарым-қатынасы түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.Яғни,адамдар ассоциативті оқытуда нақты мәліметті жаңғыртады,есте қалыптастырады.Басты назар аударылатын әдістер – оқушының белсенділігі,нәтижеге сай сындарлы қызмет бағыттарын жүзеге асыру, жауап әрекеттерінің маңыздылығы,ықпалдасу мүмкіндігі. Мұғалімнің оқушыға «Білім алуды үйрету» құбылысына келсек,негізгі қозғаушы күші –метатану. Яғни оқушының қалай ойлайтынын,оқитынын қадағалау,бағалау,бақылау. Сыныптағы оқу үдерісінің негізгі факторлары:балалардың білім алу үдерісін түсінуі,нені оқу керектігін түсінуі,ұғымның қалыптасуы,оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндігін игеру. Осыған орай оқушылар әр сабақта оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсене қатысып отыру керек.Себебі: іздену барысында бір-біріне кеңес береді,алдына мақсат қояды, шыққан нәтижені қадағалайды,жаңа идеялармен эксперимент жасайды және қателер- оқудың ажырамас бөлігі екенін түсінеді,тәуекелге барады. Оқушылар бір-бірімен және мұғалім –оқушы арасында жүйелі түрде диалог жүретін болса, онда әрбір тұлға өз ойларын еркін жеткізуге, қорытып шығаруға, сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың пікірін тыңдай отырып өтілген тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін аңғаруға болады екен. Диалог сабақта маңызды рөл атқарады. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту, бағалау, қорытынды рефлексия диалог арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар диалог сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырады, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, сабақтың белсенді өтуіне әсер етеді. Жалпы диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы мен мұғалім және оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірлерін жүйелеуіне, дамуына көмектесетін әдіс Оқушылар өздері білгендері бойынша
Үшінші модуль – оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Бағалау – сананың қалыптасуына септігін тигізе отырып,оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Білім беру әдістерінің мүмкіндіктерін жақсартуға,анықтауға бағытталған бағалау критериалды бағалау, формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.Жиынтық бағалау-дәстүрлі бағалау.Сыныпты бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Сол себепті баланың әрбір істеген әрекетіне шаршамай , жалықпай,табандылық таныту керек.Мұғалімнің ұстанымы,әдіс-тәсілдері,іс-
әрекеттері,стратегиялық жоспары,табанды болмаса ,білім беру,білім алу нәтижесіз болады.
Бағалаудың басты мақсаттары:
1.Оқытудың қиындықтарын анықтау
2.Кері байланыс
3.Уәж
4.Болжау мен сұрыптау
5.Стандартты бақылау және орындау
6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын,білім беру стилін бақылау..
Төртінші модуль - білім беруде ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ).
Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары туралы білім.
Мектептегі технологияларға:теледидар бағдарламалары,сандық теледидар,интернет,ұялы
телефон,ұтқыр қондырғылар,компьютер жатады. Білімдердің технологиялық аспектісі - технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ)өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде,анықтаушы фактор білім беру үрдісінің
мазмұны,әдістемесі,технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері,ал педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін,мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері,тәжірибесі мен әдістері жайындағы терең білімділік.
1986 жылғы Шульман зерттеуінде білімдердің педагогикалық аспектісі – оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы деген.
Бесінші модуль – талантты және дарынды балаларды оқыту.
Балаларға білім беруде мұғалімдер жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасайды. Дарынды және талантты балалармен жұмыс күрделі мәселе ойлауды,талқылауды,мұқият жоспарлауды талап етеді.Балалардың қабілеттіліктерін,біліктілігін,әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және кеңейтілген тапсырмалардың да пайдасы мол.Себебі,кеңейтілген тапсырма нағыз құзыреттілікті қалыптастыруға,өзара әрекеттесуге,шешімі анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге,қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізуге,қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан оқу үрдісіне
қатысуға,сыни ойлау дағдыларын дамытуға,шығармашылық тәсілдерді қолдануға,неге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік береді.
Алтыншы модуль – оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту –
баланың оқуға деген қабілеті,зейіні,сөз сөйлеу дағдысы,ойлауы,шығармашылық қабілетінің дамуы –когнитивтік даму теориясында сипатталады.Жас ерекшеліктеріне қарай оқудың бірнеше теориялары анықталған.Мысалы,психологиядағы бихевиористика- лық бағытта ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперимент-тік рәсімдер пайдаланылған.Бихевиоризмнің негізін салушы Джон. Б.Уотсон зертханалық экспериментінің нәтижесінде «түрткі-реакция» моделін әзірледі. Ал зерттеушілер Оқытудағы гуманистік тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударған.Бұл тәсілдің негізін қалаушылар-Абрахам Маслоу мен Карл Роджерс. Сондай – ақ Хаген мен Хейл (1973ж) 5 – 6 жасар балалардан суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы зейіннің дамуын көрсетті.Тәжірибеде 5-6 жастағы балаларға қарағанда,14-15 жастағылар аса маңызды суреттерді көбірек есте
сақтаса,кіші жастағылар есте сақта деп сұрамаған суреттерді көбірек есте сақтаған.Сөйтіп,екі топтағы балалар үшін ақпараттың жалпы көлемі бірдей болған,бірақ ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған.
Жетінші модуль – білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім берудегі көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігінде емес, «мұғалім –дамыту жұмысының көшбасшысы» деген ұғымда құрылған.
Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны,жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады.Әрбір ұстаз үшін алғашқы қадам маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау.Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөніндегі әріптестерінің кеңестері. Одан кейін мектеп мәжілістерінде қаралып мақұлданса мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құрады.Мұғалімнің сапалы даму жұмысына – жаңа технологияларды сынақтан өткізу,бағалау,талқылау және шолу жатады.Нәтижелерін практикада көре аламыз. Іс – тәжірибеде жоба басынан нәтижелі болса, Білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы. Жалпы алғанда , тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады
деген дәлелдерге тоқтауға болады және ол мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.
Оқушылар бір-бірімен және мұғалім –оқушы арасында жүйелі түрде диалог жүретін болса, онда әрбір тұлға өз ойларын еркін жеткізуге, қорытып шығаруға, сонымен қатар мұғалімдер оқушылардың пікірін тыңдай отырып өтілген тақырыпты қандай деңгейде түсінгенін аңғаруға болады екен. Диалог сабақта маңызды рөл атқарады. Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, бекіту, бағалау, қорытынды рефлексия диалог арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар диалог сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырады, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, сабақтың белсенді өтуіне әсер етеді. Жалпы диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы мен мұғалім және оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірлерін жүйелеуіне, дамуына көмектесетін әдіс.
«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» деген екен бір ғалым. Білім саласындағы әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, олардың қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Оқушының рухани өсуіне барынша жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекеті мен болмысына айтарлықтай өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның шынайы мүддесінен шыға алады.Ойы жүйрік, саналы,білімді,жаңа заман бәсекесіне қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады. Өйткені, жақсы мұғалім жақсы оқушыларды қалыптастырады.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста