Заман ағымынан қалмау үшін мұғалім жинақы, жігерлі, өзгерістерге икемді болуы шарт

Заман ағымынан қалмау үшін мұғалім жинақы, жігерлі, өзгерістерге икемді болуы шарт

Гүлнас КЕНЖЕТАЙҚЫЗЫ, «Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы Басқармасының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

Елбасының тапсырмасымен заманауи, білімді де білікті, кәсіби ұстаздарды қалыптастыру жолында «Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» айтарлықтай жұмыс атқарып келеді. Жыл сайын еліміздің түкпір түкпіріндегі мыңдаған ұстаз аталмыш орталықта қайта даярлау курстарынан өту арқылы заман талабына сай бейімделуде. Осы орайда «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» төрайымы Гүлнас Кенжетайқызымен сұхбаттасып, орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен танысқан едік. 

- Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі немен ерекшеленеді?
- Соңғы жылдары Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұстаздардың біліктілігін арттыру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл әрине жүректі жылытатын жайт. Бүгінгі таңда елімізде ұстаздар біліктілігін арттырудың икемді, кезеңді, үздіксіз жүйесі құрылған. Бұл жүйе ұстаздардың білімін көтеру қажеттілігін қамтамасыз етіп, кәсіби деңгейін шыңдауға ықпалын тигізуде.
Қоғамның өзгеруімен бірге ұстаздық қызметте де терең өзгерістер өтті. Ақпараттық технологиялар ғасырындағы жаңалықтардың көптігі ұстаз алдында үлкен міндеттер қояды. Заман ағымынан қалмау үшін мұғалім жинақы, жігерлі, өзгерістерге икемді болуы шарт.
Дана халқымыздың «Қарыны ашқа балық берме. Қармақ бер» -, деген әдемі сөзі бар. Бұрын біздің түсінігімізде ұстаз тек ақпарат беруші тұлға ретінде қалыптасса, бүгін заман талабы бұл түсінікті өзгертуге мәжбүрледі. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ұлан – ғайыр ақпарат кеңістігінде өзіндік білім іздеп, өмір бойы білім алуға мүмкіндігі бар тұлға қалыптастырушы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда жаңа біліктілікті арттыру жүйесінің алдында тұрған басты міндет, оқушыға біліммен қатар сол білімді өзіндік іздеуді үйрететін ұстаз қалыптастыру.
Сонымен қатар жыл сайын мектеп ұстазының білім деңгейіне, кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігінің шыңдалуына қойылатын талаптар күшеюде. Сол себептен ұстаздың біліктілігін арттыру мәселесі тек мемлекет пен білім беру жүйесінің ғана басым мақсаты болмауы керек. Мысалы әлемнің білім жүйесі дамыған елдерінің бәрінде біліктілікті арттыру жүйесін мемлекетпен қатар үлкен компаниялар, ғылыми орталықтар, бизнес мекемелері қаржыландырады. Білім беруге, әсіресе ұстаздың педагогикалық шеберлігін шыңдауға құйылған инвестиция - қаржы жұмсаудың ең тиімді түрі, өйткені «Мемлекеттің болашағын қалыптастырудағы басты рөл ұстаздың еншісінде» (Ш. Амонашвили).
- Ұстаздардың біліктілігін арттыру кезінде ұстаздарымыз нені үйренеді? Жас ұстаздар да оқи ма?
- Біліктілікті арттыру жүйесін оңтайландыру барысында жас мамандарға үлкен көңіл бөліну кездейсоқтық емес. Жоғарғы оқу орынын енді бітірген жас ұстаздың қалыптасуы басқа мамандық иелерімен салыстырғанда қиынырақ. Өйткені жақсы ұстаз болу үшін аудиторияда алған теориялық білім аздық етеді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ы өткізетін 3 айлық деңгейлік курс дәл осындай үш жылдан астам жұмыс өтілімі бар жас мамандарға арналған. Өкінішке қарай 3 айлық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру тәжірибесі, курстан өткен біршама ұстаздардың кәсіби деңгейінің ұстаз алдында тұратын талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетті. Сол себептен ондай ұстаздармен жұмысты университет қабырғасында берілетін білімнің ең басынан бастап, курстың біраз уақыттын қайталаумен өткізуге тура келеді. Біліктілікті арттыру курстары ұстаздың белгілі мөлшердегі біліктілігі, білім деңгейі болғанда ғана жақсы нәтиже береді. «Біліктілікті арттыру» деп аталатыны да сондықтан емес пе?! Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің педагогикалық кадрлерді даярлау, әсіресе үздік оқушыларды педагогикалық мамандықтарға тарту жөнінде енгізіп жатқан жаңалықтарын құптайтынымды айтқым келеді.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» 3 айлық деңгейлік курста оқыған және емтихан тапсырып сертификат алған ұстаздар, кәсіби деңгейді шыңдаудың пайдасын жалаң сөз емес, еңбек ақысының өсуі арқылы іс жүзінде сезінуде. Бұл бұрын соңды болмаған жаңалық. Қазіргі уақытта біздің тәжірибемізбен шет ел мемлекеттерінің біліктілік арттыру мекемелері танысуда. Ең алдымен мұғалімдерге үлкен көмегі үшін Елбасына үкен рахмет!
- Жыл сайын қанша ұстазды қайта даялаудан өткізіп жатырсыздар?
- Бүгінгі таңда «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ы екі жылдың ішінде аталмыш деңгейлік курстар бойынша 22436, қысқа мерзімді курстар бойынша 142172 жалпы білім беру мектеп ұстаздарының біліктілігін арттырды.
- Біліктілікті арттырған ұстаздардың еңбегін бағалау қалай шешілуде?
- «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның біліктілікті арттырудағы тағы бір заманауи жұмыс бағыттарының бірі тиімділік мониторигі болып табылады. Тиімділік мониторигінің негізгі мақсаты біліктілікті арттыру курстарынан өткен ұстаздардың мектептегі оқу процесінің кәсіби қызметі сапасының өзгеруін бақылау. Бұл мониторинг мәліметтері шешуді талап ететін мәселелерді анықтап, пайдалы тәжірибе жинап, ол тәжірибемен ұстаздардың біліктіліктілігін арттыру бағдарламасының аясында бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа істің қолға алынғанына көп болмаса да үлкен нәтижеге әкелетініне кәміл сенемін. Өйткені ұстаздың кәсіби шеберлігінің шыңдалуына бөлінген назар, еліміздің ертеңгі болашағына арналған деп түсінуіміз керек.
- Жаңа заман ұстазының болмысы қандай болуы қажет?
- Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауларында үнемі білім беру саласының ерекше маңыздылығын атап отырады. Сол себептен аталмыш салаға жүктелген жауапкершілік те үлкен. Елбасының қойған міндеттерін іске асыру мақсатында еліміздің білім саласын дамыту жұмыстарының қарқыны өсіп келеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет – бүгінгі күннің заманауи, әмбебап ұстазын қалыптастыру.
Күнделікті өмірде сөйлеу мәнері мен әңгімелесу ырғағынан көпшілік ішінен мұғалімді бірден тануға болады. Тіпті мүлдем танымайтын адамның өзі азды көпті әңгімелескеннен кейін : «Сіз осы ұстаз емессіз бе?»-, деп мамандық иесін тез анықтайды. Сонда көзге көрінбейтін тайға басқан таңбадай негізгі айқындауыш болып тұратын не? Менің ойымша ол: әлеуметтік және дербес жауапкершілік, кішпейілділік, көпшілдік, жаңалықтарға ашықтық, кімге болса да көмекке келуге әзірлік. Ұстаздық қызметке жанын бағыштағандардың бойындағы көпшілік ішінен бірден айқындайтын басым қасиеттер осылар екені хақ.
- Ұстаз мәртебесін көтеру үшін не істеуіміз керек?
- Өкінішке қарай кезінде дүркіреп тұрған ұстаз абыройы бір кездері өз күшін жоғалтып алды. Ал енді қоғамдағы ұстаз беделін қалай арттыруға болады? Ол бедел қандай аспектілерден тұрады? Бүгінгі әлемдік білім беру мен қоғам дамуының науқаның ескерсек, бұл мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын асыра айту қиын. Соңғы кездері республикамызда осы бағыт бойынша біраз шаралар өткізілді. Егер жұмыс берушілер, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары атаулы жұмысқа белсенді атсалысса, қоғамда ұстаздардың жағымды бет-бейнесі қалыптасатыны сөзсіз. Бірақ осы тұста ұстаздың қоғамдағы беделі әуелі ұстаздың өзіне байланысты екенін айта кеткен жөн. Бұл мәселелерде басымдылықтарды дұрыс қойған жөн. Осы орайда қазіргі кезде негізгі басымдылық ұстаздың кәсіби шеберлігін дамытуға қойылып отырғанын ерекше атап өткім келеді.
Атақты ұстаз Шалва Амонашвили бұл мәселе бойынша былай толғанады: «Білім беру саласында жүргізген реформалардың ақталмайтындығының себебі неде деп ойлайсыз? Мен айтайын. Бұл реформалар нағыз керек, өзекті тұстарға бағытталмаған. Кез келген пайдалы реформа тек ұстаздан басталады. Егер мен жаман ұстаз болсам, менің қолыма жақсы бағдарламаларды берудің қажеті не? Ал егер мен жақсы ұстаз болсам, қолымдағы жаңа бағдарлама маған сапалы білім беруге көмектеспейді ме? Әдістемені өзіңше көріп, өзіңше түсініп, бар жан тәніңді балаларға бағышта. Әуелі шығармашыл, ойшыл, тәуелсіз ұстазды тәрбиелеу керек. Оларды ұрыспай керсінше мадақтау керек. Олар өмір суретшілері емес пе? Бүгінгі ұстаздар 21 ғасыр бейнесін салуда!»
Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы қызметін модернизациялау заманауи ұстаздың бедел-бейнесін қалыптастыруға тікелей байланысты. «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығында ұстаздың сәтті бедел-бейнесінің технологиясы жайлы курстар ашылған және бұл курстар үлкен сұранысқа ие. Онда ұстаздың бедел-бейнесінің жүйелі компоненттері: жеке және тұлғалық қасиеттер, кәсіби қызметтің коммуникативтік ерекшеліктері мен тәртібі жайлы және тағы басқа мәселелер қозғалады.
- Біліктілікті арттыру курстарында ұстаз дәрісінің тәрбиелік тұсына қаншалықты көңіл бөлінеді?
- Біліктілікті арттыру курстар бағдарламасында бұл мәселенің әрине орыны бөлек. Ерекше көңіл бөлеміз. Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Өмір этикасы» атты кітабында: «Ғасырлар тоғысында біздер тәрбиенің мәнін- баланы компьютер тетігін басып, ағылшын тілін үйретуде деп түсіндік. Осыларды меңгерген адам жаңа заман адамы деп ойладық! Сонда балаларға Отан сүйгіштікті, жақынына қамқор болуды, жақсы менен жаманды айыруды кім үйретпек?»,- деп жазады. Бұл сөздердің өзектілігі күн өткен сайын артып келеді. Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жүрегі-ұстаз» - деген екен. Дәл осы ұстаз - жастардың өмірге, қоғамға, мемлекетке деген көзқарасын қалыптастырушы басты тұлға. Заманауи ойлау қабілеті жетілген, өмірде өзін-өзі қалыптастыруға дайын, Отанын шынайы сүйетін және оның болашағын ойлайтын жастарды тәрбилеу тек кәсіпқой ұстаздың қолынан келетіні анық. Ал біздің басты мақсат осындай кәсіпқой ұстаздарды қалыптастыру.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста