Өркениет

26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысы қайта жанданады

  • 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысы қайта жанданады

    26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысы қайта жанданады

Карантиннен кейін көрермендер тамашалайтын алғашқы фильм отандық комедия болмақ. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 26 қазаннан бастап еліміздегі кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Көрермендер тамашалайтын алғашқы отандық фильм «Любовь на миллион» кинокомедиясы болмақ. 
Кинодағы бас кейіпкерлерді Дина Тасболатова, Гүлнар Селбаева, Ернар Сақыпов және Жахан Отарғалиев сомдайды. Картинаның режиссері &ndash Олжас Ибраев. Бұл оның шығармашылық жолындағы төл туындысы. Фильмнің продюсері &ndash Тимур Бақтыбаев. 

«8 ай тұралап қалып, енді ғана ашыла бастаған кинотеатрлар үшін отандық продюсерлердің қолдауы маңызды. Үлкен экранға «Любовь на миллион» картинасы бірінші болып жол тартады. Туынды авторларының көптеген шектеулерді ескере отырып, мұндай батыл қадамға барғандары қуанышты жайт. Көрермендермен кездесуді асыға күтеміз» - деді Kinopark-Kinoplexx Theatres желісінің өкілі.  
«Любовь на миллион» фильмінен бөлек, кинотеатрлардың алғашқы жұмыс күнінде келушілер назарына «Пышка» (продюсері Баян Мақсатқызы), «Семейные страсти» (продюсері Алмат Шадмат) және «Жаным, ты не поверишь» (продюсері Жандос Айбасов) комедиялары ұсынылатын болады. Сонымен қатар 2 қараша күні «Базар жоқ, Мексика» картинасының тұсау кесері өтеді деп жоспарланған. Фильмдегі басты рөлдерді Асқар Ілиясов, Олжас Абай, Қажет Смағұлов және Айжан Лайджи ойнайды. 

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен кинотеатрларда қашықтық сақтау, маска тағу ережелелері қадағаланып, көрермендер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31