Өркениет

55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

  • 55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

    55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты

Әнші Шахизада тағы да тұрмыс құрды. Сүйінші хабарды өзі хабарлады. Желідегі оқырманы құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр. 

"Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым", - деп жазды әнші парақшасында.

 Желідегі оқырманы ақ тілегін асыра жазды. Енді бірі әже атанған әншінің бұл әрекетіне таңғалысты. 

"Өте дұрыс! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан!", "Махаббат жас талғамайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Дұрысы сол өзгеру керек. Бала бала деп ертең қартайғанда шүйіркелесіп шай ішіп отыратын шал керек", "Шахизада ханым, қатты қуанып жатырмыз. Нұр-Сұлтаннан сәлем, бақытты болыңызшы", "Құтты болсын!! Қуаныш, той көп болсын. Аттаған ақ босағаңыз құтты, жайлы, берекелі,ырысты, несібелі болсын. Бақыттарыңыз баянды болсын. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамай мәңгілік болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз Бақытқа толы болсын", - деді олар.

"Нешінші рет тұрмыс құрып жатырсыз?", "Немереңіз бар емес пе? Кеш емес пе?", "Қазір ажырасу да, үйлену де оңай болған ба, сәнге айналған ба", деп жазды енді бір топ.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын жасырмай айтқан еді. 

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар. Көп балалы ана болуды армандаған әнші бір баланы ғана өмірге әкелгенімен, келіні оған үш немере сыйлады.

stan.kz




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 09:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30