Өркениет

Ахметбек Нұрсила: Инстаграм ол - топастанграм, арзан әншілер елді топастандырып жатыр

  • Ахметбек Нұрсила: Инстаграм ол - топастанграм, арзан әншілер елді топастандырып жатыр

    Ахметбек Нұрсила: Инстаграм ол - топастанграм, арзан әншілер елді топастандырып жатыр

 Әншілерді шегірткеге теңеген Ахметбек Нұрсила тағы бір "термин" жариялады. Ол қазір екінің бірі елегізіп отыратын Инстаграм желісі. Бұндағы арзан ән, жылтыраған суреттің бәрі адамды азғырып жатыр дейді кәсіпкер.

Бұл туралы "Ашық алаң" бағдарамасында айтылды.

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила көпшіліктің, әсіресе, жастардың арзан дүниеге құмар екенін айтады.

"Қазір екінің бірі Инстаграмда отырады. Әрбір бес минут сайын ашып қарайды. Біреуді көреді, суретін қарайды, жазғанын оқиды, видеосын көреді. Ұтысқа қатысады. Арзан дүние ұтып алсам екен дейді. Екі нотадан тұратын арзан әндерді тыңдайды. Бұл адамның санасын улап, топастыққа әкеледі. Адамның миы ойланудан қалды. Жылт еткен нәрсеге құмар болып келеді. Қазір ешкім Абайды әнін, Еркін Шүкіманның әнін тыңдамайды, ғалымның жазбасын, қандай да бір зерттеулерді оқымайды. Оны оқығанша сұрқия біреудің жалаңаш суретіне қызығады. Адам солай азғындана береді. Сондықтан мен инстаграмды - топастанграм деп атаймын. Тағы айтамын. Ондағы шегірткелер де желіне қыздыра түсуде. Оларды кімнің жұлдыз қылып шығарып алғанын білмеймін", - деді кәсіпкер.

Кәсіпкер өзінің біргене шәкірт тәрбиелегенін айтады. Алайда оларды ардың ісін атқаратын, адал жолды таңдайтын адам қылуға үйретем дейді.

"Кәсіпкердің де екі түрі болады. Біреу арақ сатады, темекі сатады, не соны шығарады деген сияқты. Бұл адал ас емес. Бата білмейтін қазақтың өзі "басқа амандық, асқа адалдық" бер деп тілейді. Бірінші кезекте астың адалдығы. Ол дегеніміз маңдай термен ақша табу. Арзан дүние табу емес. Жеңіл түрде табу емес. Адамдар 10 мың теңге беріп, көлік ұтып алғысы келеді. Бірақ ол мүмкін емес. Соны түсіндіргім келеді. Шәкірттеріме соны айтамын. Елге пайдалы іс істегің келсе, адал жолмен еңбек еткің келсе ғана үйретемін деймін", - деді ол.

Stan.kz




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 14:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31