Өркениет

Ақан Сатаев 20 жыл отасқан әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

  • Ақан Сатаев 20 жыл отасқан әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

    Ақан Сатаев 20 жыл отасқан әйелімен ажырасқанын мәлімдеді

Танымал режиссер әрі продюсер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев әйелі, актриса Назира Бақаевамен ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол INSTAGRAM-дағы парақшасында жариялады.
Жұрт аузында түрлі қауесет әңгіме тарап кетпес үшін Нәзира екеуіміз жеке өміріміздегі өзгерістер жайында осы желі арқылы ресми түрде айтып бергенді жөн көрдік. Сіздерден түсіністік танытуды және осы мәселеде адамның жеке кеңістігіне құрмет білдіруді сұраймыз», - деді режиссер желідегі оқырмандарына.

Ұзақ жылдар бойы өмірдің ащы-тұщысын бірге татып, түрлі қиындықты бірге жеңген, бес баланы дүниеге әкеліп, шаңырағын махаббат пен шаттыққа, қамқорлыққа бөлей білген жары жайлы жылы тілегін білдірген Ақан Сатаев енді бірге тұрмайтындарын, бір-біріне деген достық ниетін сақтай отырып, ажырасқандарын мәлім етті.

Енді біз &ndash ерлі-зайыпты жандар емеспіз. Бірақ балаларымыздың сүйікті ата-анасы болып қала бермекпіз. Нәзира екеуіміз бір-біріміздің алдағы уақыттағы Алла бұйыртқан жеке өмір жолымызға сәттілік тілей отырып, болашақта жақын достар болып қалу туралы шешім қабылдадық», - деп жазды режиссер.

Желі қолданушылары танымал тұлғаның жеке өмірінде мұндай өзгеріс болады деп күтпегендерін айтып, үлгілі отбасы бола білген жұптың ажырасып кеткеніне өкініш білдіруде. 

Айта кетсек, қазақстандық танымал режиссер, актер Ақан Сатаевтың жары, бес баланың анасы, қазақстандық бірқатар фильмде ойнаған актриса Нәзира Бақаева көп жыл бұрын өнер жолынан бас тартып, ендігі өмірін отбасына арнаған болатын.


BAQ.KZ




Көрілген: 1404    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 09:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31