Өркениет

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ директоры болды

  • Ақан Сатаев

    Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ директоры болды

Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президент болып Ақан Сатаев тағайындалды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Ұжымға жаңа басшыны мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған болатын.

Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін тəмамадаған.

2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы "Рэкетир" атты алғашқы толықметражды фильмін, "Адасқан" мистикалық триллерін (2009), "Ағайынды" сериалын (2009), "Ликвидатор" психологиялық драмасын (2011), "Жаужүрек Мың бала" тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ "Районы" криминалдық драмасы мен "Анаға апарар жол" тарихи драмасының (2016), "Бизнесмены" (2018), "Томирис" (2019) жəне тағы басқа туындылардың режиссері.

2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.

2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.

Stan.kz




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 20:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31