Өркениет

Ақбота Керімбекова Әлімбекова үшін жиналған ақшаның қайда кеткенін ашып айтты

  • Ақбота Керімбекова Әлімбекова үшін жиналған ақшаның қайда кеткенін ашып айтты

    Ақбота Керімбекова Әлімбекова үшін жиналған ақшаның қайда кеткенін ашып айтты

Әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Гауһар Әлімбекова үшін әншілер мен қарапайым адамдардан жиналған қаражаттың қайда кеткенін ашып айтты. Өнер иелері Әлімбекова темір торға тоғытылғанда көмек көрстеу мақсатында арнайы шот ашқан еді деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова айтуынша, ол өзіне жолданған сансыз сауал мен себепсіз айыптаулардан шаршаған.


"Енді ол ақшаны Гауһар Әлімбекованың өзі Сәуле Әбединованың "Аналар қорына" аударамын деді. Әркім не істейтінін өзі біледі ғой. Ал біз ар жағында қалған кішігірім қаражатымызға ораза айында ас беріп немесе қаланың шетінен болса да баспанасыз жүрген отбасыға үй алып берсек деген ойымыз бар. Қаланың ішінен пәтер алып береміз деп айта алмаймын. Қазір өнер адамдары, әпкелер мен жігіттермен ақылдасып жатырмыз.

"Әншілерден, өнер адамдарынан жиналған қаражат қайда кетті?" деген ой болмасын халықта. Оның барлығының есебі, санауы бар. Мен оның барлығын жинап, Ерғали Әбдірайымовқа беріп қойғанмын. Мән-жай осы.

"Маған "ақшаны бермепсіздер ғой. Маған үй алып беріңізші", "Несиемді жауып беріңізші", "Екі млн беріңізші" деп жазатындар өте көп. Кейде жүрегім ауырады. Көмектескім келеді. Бірақ мен де жалғызбасты анамын. Менің де туысым бар, анам бар. Бірін-біріне жамап, тіршілік етіп келе жатырмын", - дейді Ақбота Керімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гауһар Әлімбекова өзіне халықтан жиналған ақшаны қайда жұмсайтынын айтқан болатын. 




Көрілген: 2043    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31