Өркениет

Алатау» дәстүрлі өнер театры кезекті маусымын аяқтады

  • Алатау» дәстүрлі өнер театры кезекті маусымын аяқтады

    Алатау» дәстүрлі өнер театры кезекті маусымын аяқтады

Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры 4–маусым шымылдығын салтанатты түрде «Берекелі бақ орда» атты мерекелік концертпен жапты.

Кешке келген көрермендер қарасы көп болды. Ұлттық болмысымызды айқындайтын дәстүрлі ән-күй, жыр, айтыс өнерімен өрілген кештің режиссері Жұлдызбек Жұманбай.  Ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған халқымыздың асыл қазынасын режиссер кәсіби шеберлігі мен тапқырлығын ұштастыру арқылы көрерменге заманауи, көңілді, таңдай қақтырарлықтай жаңа форматтағы кеш сыйлады. Демек өнерді баптайтын нағыз бапкер болғанда ғана шеберліктің биік шыңына көтерілуге болады. Осы тұрғыда мерекелік кешке әр беріп тұрған «Алатау» ансамбілінің өнерін айтпай өту тіпті мүмкін емес. Ансамбль өнерлі жастардан құралған. Олардың баршасы ұлттық аспаптарда ойнаудың ерекше техникаларын терең меңгерген. Бүгінгі кеште ансамбль ұжымы табиғаттағы барлық тiрi табиғаттың үнiн айнытпай  бере білді. Ал, жыршыларымыз әр мектептің дәстүрін бұзбай, орындаған болса, әншілеріміз ән айтудың барлық қыр-сыры мен әдістерін меңгергендіктерін байқатты. «Алатау» өнерпаздары кешке жиналған халықтың рухани талап-тілегін қанағаттандыра білді. Өлмес өнер тілімен өткен уақыт пен халқымыздың сонау жылдардағы портретін көрерменнің көз алдына әкеле білді.

Мұндайды бұрын соңды естіп көрмеген көрермендер назары тек  сахнада болды. Бас аяғы бір сағатқа созылған кештің тартымды өткендігі сонша, жиналған ел концерттің жалғасқанын қалады.

Аталмыш салтанатты кештің арнайы қонақтары; ақын, сатирик Әкім Ысқақ пен  актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс пікірлерін білдірді.

Әкім Ысқақ, ақын, сатирик: 

–Трафареттік концерт емес өзгеше бір керемет, қазақтың рухын, жан дүниесін, тебіренісін, өмірге деген құлшынысын көтеретін, заманауи әндер мен бұрынғы әндерді ұштастыратын композиция болды. Театр артистеріне, әншілерге өте ризамын, жасай  берсін Алатаудың  өнер ордасы, жасай берсін Алатаудың дәстүрлі өнер биігі.

Бекжан Тұрыс, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 

–Мен қазақ даласынан қазақты іздедім, сол қазақты осы театрдан таптым. Енді мен сіздердің тұрақты көрермендеріңіз боламын.

Ринат Заитов, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры: 

–Ұжымды кезекті маусымның нәтижелі аяқталуымен құттықтаймын, алдағы уақытта көрермендерді тың, ауқымды туындылар күтіп тұр. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының негізгі мақсаты ұлтымызға ғана тән ән (жыр, толғау, айтыс) өнеріміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу.

 

 «Алатау» дәстүрлі өнер театры

«Әдебиет» бөлімінің маманы;  

                                      Ақбота Тойбекқызы




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30