Өркениет

АЛМА АМАНЖОЛОВА АУЫР ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ

  • АЛМА АМАНЖОЛОВА АУЫР ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ

    АЛМА АМАНЖОЛОВА АУЫР ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ЖАЙЛЫ АЙТТЫ

Белгілі әнші Алма Аманжолова «Оңай емес» бағдарламасына сұхбат беріп, балалық шағы, өнері мен отбасылық өмірі жайлы ашық әңгіме айтты.


«Әкесіз өстім. Әкем мен шешемнің маған дейін үш баласы болып, үшеуі де шетінеп кеткен. Әкем бір әулеттің үлкені. Енді туғандары бала тұрмаса, басқа әйел алып балалы-шағалы бол деген. Содан менің нағашы әжем де «Бұл бала да өліп қала ма кім біледі. Егер аман қалса ауру болса тағы қиналасың. Бар енді, басқа әйел ал, бағың ашылсын» деп рұқсатын беріп жіберген екен. Әкем кеткеннен кейін мен туамын. Менің есімімді жемістің атымен емес, «Құдай алмашы» деп қойған. Бірақ әкеме мені шетінеп кетті деген. Маған да әкең жоқ деп өсірді. Бірақ ауылдың адамдары «Сенің әкең бар. Отбасы бар. Қызылордада тұрады» дегенді айтып жүретін. Содан жиырма жасыма дейін әкемді көрмей өстім. Жиырма жасымда жарқ етіп сахнаға шықтым. Афишаларда суретім жүреді. Менің түрім әкеме ұқсаған. Фамилиям да әкемдікі. Әкем де сол афишалардан көріп жүрген ғой. Түрім ұқсап тұр, фамилиям өзінікі. Содан бір күні Қызылордаға концерт беруге бардық. Әнімді айтып, сахнаның сыртына шықсам сол кісі тұр. Енді бір-бірімізді айтпай білдік. «Сен Сәуленің қызысың ба?» деді. Шешемнің аты Сәуле. Мен «Сіз Тұрсынбайсыз ба» дедім. Содан үйге жүр, шай іш деді. Бірақ не деп барам. Кейін тағы бір концертіме келді, сол кезде шешем үйге шақырып, әкем, шешем үшеуміз отырып шай іштік. Кейін мен әкемнің жағына барып, бір ай жаттым, барлық туыстарымды араладым. Бірақ арада жылдар жатқан соң жақындық жоқ. Әкемді құшақтағым келеді, мойнына асылғым келеді. Мейірім жетпей өстім. Әкесі бар қыздарды көргенде жеке көретінмін»-дейді әнші.


reactor.inform.kz




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.10.2019, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30