Өркениет

Алматылық ару Түркиядағы Miss Aura International сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды

  • Алматылық ару Түркиядағы Miss Aura International сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды

    Алматылық ару Түркиядағы Miss Aura International сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды

Алматылық ару Лаура Мұхтар Түркияда өтетін сұлулар сайысында Қазақстан атынан қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Miss Aura International 2021 сұлулық сайысы 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталия қаласында өтеді. Сайысқа әлемнің әр түкпірінен 70-тен астам ару жиналмақ. Мiss Aura International "дарындылар сайысы", "шомылу киімдерінің дефилесі", "кешкі және ұлттық киімдер" секілді үш кезеңнен тұрады.

 
Сондай-ақ, қатысушылар әлеуметтік және қайырымдылық акцияларына қатысады. Қазіргі уақытта Лаура байқауға белсенді дайындалып, ұлттық және кешкі бейнелерді іздеумен айналысып жүргенін айтты. Жалпы, Лаураның аймақтық және халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесі мол екенін айта кету керек. 

Бұған дейін ол "Алматы аруы-2018" финалына дейін жетіп, онда "Спорт-дива" және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған. 

Сондай-ақ, ол Киевте өткен Miss Queen Europe - 2019 байқауында басты титулының иегері атанды. Сонымен қатар, Лаура Лондонда өткен "Miss SSR UK UK 2019" байқауында "II вице-мисс" атағына да ие болаған. 

Ару Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қоюшы-режиссер мамандығына оқыған. Қазіргі уақытта ол хореограф, сондай-ақ, киноға түсіп, модель болып жұмыс істейді. 

Stan.kz




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 16:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31