Өркениет

Әнуар Нұрпейісовтың қайда жүргені белгілі болды

  • Әнуар Нұрпейісовтың қайда жүргені белгілі болды

    Әнуар Нұрпейісовтың қайда жүргені белгілі болды

Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізуін тоқтатып, хабарсыз кеткен танымал актер Әнуар Нұрпейісов ел тұрғындарын алаңдатқан еді. Көпшілік оны іздеп, жақындарынан қайда жүргенін сұрай бастады. Ал бүгін қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев актердің Шри-Ланкада жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлішер Елікбаев желідегі парақшасында Әнуар Нұрпейісовтың Шри-Ланкада жүргенін жазды.


«Менің байқампаз оқырманым Шри-Ланкада жұбайымен бірге демалу үшін мейманхана іздеген. Ол қонақ үйлердің бірінен қандай тату ұжымды көріп қалғанына қараңыздаршы. Мен қайта тексеріп көрдім. Шынымен де Booking-те осындай сурет бар.


Әнуарда бәрі дұрыс екеніне қуаныштымын! Әнуардың Шри-Ланкаға аман-есен жетіп, шығармашылықпен, сүйікті ісімен айналысып жүргені үшін қуаныштымын», - деп жазды Елікбаев.


Еске сала кетсек, маусым айында Әнуар Нұрпейісовтың 5 күн бойы байланысқа шықпағаны айтылып, көпшілік оны іздестіре бастаған еді. Алайда полиция актердің жоғалып кеткені туралы арыз түспегенін мәлімдеді. Артынша Нұрпейсіовтың желідегі парақшасында жазбай пайда болды. Онда актер көпшіліктен өзін іздемеуді сұраған. 




Көрілген: 1242    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30