Арман Шораев Сәуле Әбілдаханқызын сотқа берді
Журналист Сәуле Әбілдаханқызын өзінің әріптесі журналист Арман Шораев сотқа берді.
Бұл туралы Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мені де сотқа беру басталды. Бұл мәселе бойынша қазір білетінім - аказыбайтса, арман шораев менің үстімнен арыз жазыпты. Арыз көшірмесін дүйсенбі алуға тырысамын. Қолыма тисе, мәселенің мән-жайын айтамын ғой", - деп жазды журналист.
Естеріңізге салсақ, Сәуле Әбілдаханқызы Су ресурстарының комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің үстінен арызданған Арман Шораев екенін парақшасында жазған болатын.