Өркениет

"Әруағы риза болсын": Мамасарипова Роза Бағлановаға арнап шетелде фильм түсіруде

  • "Әруағы риза болсын": Мамасарипова Роза Бағлановаға арнап шетелде фильм түсіруде

Танымал қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова әнші, КСРО-ның Халық әртісі Роза Бағлановаға арнап шетелде фильм түсіруге кірісті. Түсірілім жұмыстары Ресей мен Өзбекстанда өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мамасарипова Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 

"Минск. Біз осы сапарға маусым айында шығуымыз керек еді. Түрлі себеп-салдарға байланысты енді жол түсті. Арасында сценарийді өзгертіп бәрін елде түсіреміз ба деген ой да келген. Бірақ, бірақ өзімді өзім жеңе алмадым. Ташкентке де, Минскіге де барамыз деп тұрып алдым... Роза Бағланова апамыздың әруағы риза болсын дедім", - деп бөлісті продюсер.

 
Мамасарипова жат елде кино түсірудің қиын іс екенін атап өтті. Алайда ештеңеге қарамастан, ол алған бетінен қайтпай, мақсатына жетудің алдында тұрғанын жеткізді. 

"Әрине көп қиналдық, кәдімгідей... Ниет түзу болса Алла сәтін салады екен түбінде. Жат елде кино түсіру оңай емес, қаншама форс-мажордың құрбаны боласың. Қолыңнан түк келмей қалатын кездер болады. Дегенмен жақсы адамдар көп! Кешеден бері соған көзім тағы жетіп жатыр. Бюджетіміз жетпей тұрса да, біраз дүниені қосымша беріп жатыр. Өзім күткеннен де артық картинка шығуда. Жүрегім алып-ұшып рахметімді жаудыра беріппін.

Бізге сәттілік тілеп қойыңыздаршы, алда әлі екі күн съемкамыз бар. Ертең ең масштабный сцена түсіріледі, кәдімгідей танк, атыс, жарылыс деген сияқты", - деді Гүлнұр ханым. 

Айта кетейік, Гүлнұр Мамасарипова көрерменнің ыстық ықыласына бөленген "Келінжан" сериалының, "Маска" шоуының бас продюсері. Сондай-ақ, оның продюсерлік қоржынында "Тракторшының махаббаты", "Күләш", "Қарлығаш ұя салғанда" және тағы да басқа көптеген туындылар бар.

Stan.kz




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 11:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31